«Қыран елім – Қазастаным» поэзия сағаты
Дата: 23.10.2024 | |
Просмотры: 49 | Печать страницы |

2024 жылдың 22 қазан күні қалалық орталық кітапханасында 25 қазан Егемен еліміздің басты, әрі ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазастаным» атты поэзия сағатын ұйымдастырды. Шараға №12 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Ұлттық мереке 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Шара барысында оқырмандар атаулы мерекеге байланысты өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, шара соңында белсене қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.