«KitapTime» ІІІ жалпы Республикалық кітап фестивалі
Дата: 23.09.2024 | |
Просмотры: 37 | Печать страницы |

2024 жылдың 20 қыркүйек күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сінде кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «KitapTime» ІІІ жалпы Республикалық кітап фестивалі ұйымдастырылды. Еліміз бойынша бір мезетте ұйымдастырылған шараны Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы ашып, шараның маңыздылығына тоқталды. Кітап фестивалінде қатысушыларға қызыққа толы «Ұшқыр ой мен шешен тіл», «Озық, ойлы оқырман», «Ізден, талаптан оқырман», «Кішкентай білгірлер» зияткерлік, сұрақ-жауап ойындары өткізіліп, әдеби сұрақтарға жауап берген қатысушыларға сыйлықтар берілді. Сонымен қатар кітапханашылардың орындауымен қойылған «Ертегілер әлемі» атты ертегіші театрының қойылымдары кішкентай оқырмандардың көңілдерін көтерді. Түрлі-түсті әдемі қуыршақтар мен ертегі әлеміндегі кейіпкерлер өздерінің жанды би ырғақтарымен бүлдіршіндерге ерекше әсер етті. Шара соңында кітапханаға түскен жаңа кітаптардан «Жаңа кітап бізде, асығыңыз Сізде» атты кітап дефилесі өткізіліп, қатысушылармен кітап көрмелері мен жарқын баннер аясында фотосессия ұйымдастырылды. Кітап фестиваліне кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары, қамтылу саны 95.