Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Бейбіт атом - Қазақстан болашағы үшін» атты конференция

Дата: 12.09.2024
Просмотры: 39 Печать страницы
«Бейбіт атом - Қазақстан болашағы үшін» атты конференция

2024 жылы 12 қыркүйекте «Талықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапхана қызметкерлері арасында «Бейбіт атом - Қазақстан болашағы үшін» атты конференция өтті. Кітапхана директоры К.Сейтжанова Қазақстанда АЭС-тің атом энергетикасын дамыту мүмкіндігінің қарастырылып жатқандығын, осыған орай 6 қазанда өтетін референдумда Қазақстан халқы өзінің шешімін қабылдап дауыс беретіндігін айтып, АЭС салу өте киын да жауапты іс екендігіне тоқталды. Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалының меңгерушісі Ж.Жакибаева энергетиктер мен ғалымдардың айтуынша АЭС салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген ойын білдірсе, Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалының меңгерушісі А. Нұрсағатова АЭС -тің салынуы болашақта электр энергиясының тапшылығын жойып, оны экспорттаудың арқасында ел экономикасының дамып, жұмыс орындары көбейетінін айтып өтті. Қалалық № 2 кітапхана филиалының меңгерушісі М.Сапбек Қазақстандағы өндірілетін уранның артықшылығын көбейтіп, осы саланың мамандарының айтуынша АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза, әрі қауіпсіз екеніне тоқталды. Конференцияға қатысушылар АЭС-ның жалпы әлем экономикасына пайда әкеліп отырған елдері жайлы айтып, АЭС-ның салынуы еліміздің экономикасының жақсарып, экологиясының тазаруына зор әсері бар екендігі жайлы ақпараттар алды.
 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ