Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру» атты қалалық семинар

Дата: 05.09.2024
Просмотры: 47 Печать страницы
«Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру» атты қалалық семинар

2024 жылы 5 қыркүйек күні кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, кітапхана пайдаланушылары үшін өлкетану құжаттарын жинақтау мен сақтаудың кешенді ақпараттық жүйесін құру, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру мақсатында Талдықорған орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері арасында «Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шараны кітапхана директоры К.Сейтжанова ашса,
директордың орынбасарыС.Калимуратова «Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарының маңыздылығы» тақырыбында баяндама оқып, кітапханадағы өлкетану жұмысын жетілдіру мақсатында өзінің үсыныстарын жасап, өлке жайлы басылымдарды цифрландыру жұмысына тоқталды.
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының меңгерушісі А.Нұрсағатова «Ауылым -алтын тұғырым» жобасы аясында атқарылған жұмыстары жайлы айтып, слайд арқылы көрсетілім жасады.
Өтенай ауылдық № 5 кітапхана филиалы меңгерушісі С. Қажаева І. Жансүгіровтің 130 жылдығына арнап дайындаған «Өлкенің дана тұлғасы» библиографиялық көрсеткішті таныстырып өтсе, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының кітапханашысы К.Жұмаділқызы «Кітапханада өлкетануды насихаттау жұыстарының жаңа түрлері» тақырыбын ашып, жаңа іс-шаралар түрлерімен таныстырып, олардың өткізілу әдісімен бөлісті.
Қалалық №2 кітапхана филиалыңың меңгерушісі Сапбек Мадина «Ескерткіштер – ел тарихы» атты ақпараттық шолуында қаламыздағы 20 дан астам ескеткіштерге видео - слайд жасап, олардың тарихы туралы ақпарат берді. Семинар соңында кітапхана қызметкерлері өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, кәсіби білімдерін арттырып, жаңа ақпаратпен танысып қайтты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ