«Семей полигонының қасіреті»
Дата: 29.08.2024 | |
Просмотры: 29 | Печать страницы |

2024 жылы 29 тамыз күні Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында «Семей полигонының қасіреті» атты мектеп оқушылары арасында тарихи круиз өткізілді. Кітапханашы К.Жұмаділқызы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы 1989 жылы 28 ақпанда қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің бастамасымен құрылғаны және ядролық қарудың қасіреті жайлы қысқаша ақпарат берді. Содай - ақ, іс - шара аясында «Тауқымет жаңғырығы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: Полигонның тарихы мен қасіреті және ядролық сынаққа қарсы 1989 жылы 28 ақпанда құрылған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің бастамасымен құрылған Семей ядролық полигонындағы сыналған ядролық және термоядролық жарылыстардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат беру. Аталған кітап көрмеге белгілі жазушы М.Сәрсекенің «Семей қасіреті», С. Досжанның «Қасірет пен тағдыр», Е.Байғабылұлының «Ядролық зұлмат», Р.Мұқанованың Шығармалары 1-том, Н.Назарбаевтың «Эпицентр мира», Т.Қасенованың «Атом улаған дала», кітаптары мен көркемсуреттер, мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалар т.б. кітаптар қойылды.