Тарихтың қасіретті парақтары
Дата: 27.08.2024 | |
Просмотры: 31 | Печать страницы |

«29 тамыз - Халықарлық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне» орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 27 тамыз күні «Тарихтың қасіретті парақтары» атты кітап көрмесі қойылып оған библиографиялық шолу жасалды.
Шолу барысында оқырмандарға Семей сынақ айлағы 1994 жылы 29 тамызда жабылғандығын, Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздану жолындағы нақты істері 1994 жылдан бастау алағандығын, еліміз халықарлық деңгейде барлық ядролық қаруға қарсы екенін, оларды ешқашан бірінші болып қолданбайтынын, елімізде тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға ниетіміз зор екендігі айтылды. Оқырмандар қордағы кітаптармен танысты. Көрмеге 12 оқушы қамтылды.
Көрменің мақсаты: оқырмандарды Семей ядролық полигоны туралы кітапхананың кітап қорымен таныстыру.
Көрмеге қойылған кітаптар: М.Сәрсекеев Семей қасіреті, Байғабылұлы Е Ядрорлық зұлмат, Досжан С. Қасірет пен тағдыр, Мұқанова Р Шығармалары 1-том, Менің елім-Қазақстан. Балаларға арналған энциклопедиясы, Сүлейменов О. Шығармалар жинағы 5-том.