Әкем айтқан асыл сөз
Дата: 10.06.2024 | |
Просмотры: 34 | Печать страницы |

2024 жылдың 10 маусымында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Әкем айтқан асыл сөз» атты әңгіме сұхбат кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында өткізілді. Мақсаты:Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту; Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Мақал-мәтел, өнегелі сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.