Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Бақытқожа Төлегенұлы Рүстемовпен кездесу

Дата: 24.06.2024
Просмотры: 52 Печать страницы
Бақытқожа Төлегенұлы Рүстемовпен кездесу

2024 жылдың 24 маусымында Талдықорған қалалық орталық кітапханасында қаржыгер, философ, жазушы, журналист, халықаралық публицист, тарихшы, теолог, аудармашы, музыкант, ақын, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері. Қазақстанды шетелде таныту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізетін халық дипломаты, әлемнің 17 елінің «Құрметті жазушысы» атанған  Бақытқожа Төлегенұлы Рүстемовпен кездесу өткізілді. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен кітапханашылар қатысты. Іс-шараны ашқан Талдықорған қалалық орталық кітапханасының директоры К.Сейтжанова қаламгерлік – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімді талап ететін жауапты сала. Ел игілігі үшін қызмет ететін осы саланың мамандары шығармашылығы арқылы адамзат санасына оң ықпалын тигізіп қана қоймай, жаңалықтың жақтаушысы, жаңаның қолдаушысы ретінде қоғам өмірінен ерекше орын алады. Халықтың мәдениеті мен руханиятын терең қастерлеген сондай жанашыр азаматтардың бірі – Бақытқожа  Рүстемов. Ол кісінің қаламынан тамған туындыларды бүгінгі қазақ әдебиетінің құнды қазынасына балауға болады, - деп жазушыға құрмет білдірді. Шараға қатысқан С.Сейфуллин орталық кітапханасының директоры С.Шаяхметова мен Жетісу газетінің тілшісі М.Жұмабай жазушыға жақсы тілектер айтып, шығармашылық табыс тіледі.  Бақытқожа  Рүстемовтің өмірі мен еткен еңбектерінен сыр шертетін кездесуде жазушы өзінің еңбек жолына тоқталып, жиналған қауымға тереңірек мағлұмат берді. Әдебиетке жаны құмар оқырмандар  қаламгерге сұрақтарын қойып, жазушының шығармашылық жайындағы  ойларына қанықты. Сонымен қатар бірқатар кітапханашыларды «Әдеби Азия -2024» халықаралық байқауының қазылар алқасының және ұйымдастыру комитетінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Кездесу соңында жазушы  кітапхана қорына өзінің бірнеше кітаптарын  сыйға тартып, кітапхананың қолтаңбалар кітабына өзінің қолтаңбасын қалдырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ