«Парақ тайм-2024» кітап жәрмеңкесі
Дата: 03.06.2024 | |
Просмотры: 29 | Печать страницы |
2024 жылдың 1 - маусым балаларды қорғау күні Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сінің ұйымдастыруымен кітап оқуды насихаттап, өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру мақсатында «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткен мәдени шараны кітапхана директоры К.К.Сейтжанова ашып, мұндай жәрмеңке әрбір баспадан шыққан кітаптың оқырман қолына жетуіне оң ықпал ететінін, сонымен қатар автор мен оқырман арасында байланыс орнатуға да жағдай жасайтынын айтып, жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды. Шара «Кітапханаға кітап сыйла» акциясымен басталып, Өтенай ауылдық №5 кітапхананың тұрақты оқырманы Г. Рахимова түрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартты. Шара барысында «Тәтті кітап» жобасы аясында қуыршақ театрының «Балық пен түлкі», «Волшебная сметана», «Жылауық», «Капризка» қойылымдары кішкентай көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Библиошар», «Библио лоторея», «Ертегілер әлемі» интеллектуалды ойындары ойнатылып, 1 маусым балаларды қорғау күніне орай ұымдастырылған «Бала тілі – бал» айдарында кішкентай бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жәрмеңкеде «Асыл қазына», «Атамұра», «Онлайн-кітап» дүкендері «Мазмұндама» «Marfu press» баспалары жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын және көптеген балаларға арналған әдеби, танымдық, ғылыми бағыттағы сан-алуан кітапты көпшілік назарына ұсынып, кітапсүйер қауым өздеріне ұнаған 704 дана кітаптарын қол жетімді бағада сатып алды. Іс-шара жиналған қауымның көңілін бір сергітті.