Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Жастармен жұмыстың жаңа тәжірибелері» қалалық семинар

Дата: 31.05.2024
Просмотры: 28 Печать страницы
«Жастармен жұмыстың жаңа тәжірибелері» қалалық семинар

2024 жылдың 31 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында «Жастармен жұмыстың жаңа тәжірибелері» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – жастар қауымын кітап оқуға тарту, ақпараттық қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру, тәжірибе алмасу. Аталмыш семинарға «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты кітапханаларының кітапханашылары қатысты. Кітапхана директоры К.Сейтжанова жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуында кітапхананың рөлі зор екендігін атап өтті. «Жастарға кітап оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» туралы қалалық №8 кітапханасының кітапханашысы А.Қадырова, «Кітапханада ұйымдастырылған қызығушылық клубтарымен жүргізілетін жұмыстар» жайында, қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Л. Дайрабаева, «Жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында Еркін ауылдық №3 кітапхана филиалының меңгерушісі Ж.Жакибаева баяндамалар жасады. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері А.Бастаубаева кітапхананың жаңа инновациялық әдістері жайлы айта отырып, осы мақсатта жүзеге асырылған кітапханалардың жобалары мен іс-шаралары жөнінде ақпарат берді. Отырыстың пікір алмасу алаңына айналған тұсы «Бүгінгі күні жастар не оқиды?» әдеби трендтер мен авторлар атты библиоуақытта қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі А.Баймуханова көпшілік жастардың арасында жоғары сұранысқа ие кітаптар тізімін ұсынды. Библиоуақыт барысында кітапханашылар кітапханаларда оқырмандар арасында көп оқылатын кітаптар туралы ой бөлісіп, іс-тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салды. Семинарды кітапхана директоры К.Сейтжанова қорытындылап, кітапханашылар өздерінің алған әсерлерін білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ