«Алғашқы қазақ инженері» дөңгелек үстел
Дата: 14.05.2024 | |
Просмотры: 31 | Печать страницы |

2024 жылдың 14 мамырында қоғам қайраткері, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай қалалық орталық балалар кітапханасының жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Алғашқы қазақ инженері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының алғашқы инженері, тарихшы - ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан – жақты білім беру үшін, туған халқына, оның тарихына сіңірген еңбегін танып – білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.