«Ақ халатты абзал жанға мың алғыс»
Дата: 29.02.2024 | |
Просмотры: 27 | Печать страницы |

"1-Наурыз Алғыс айту күніне" орай 2024 жылдың 29 ақпанында Еңбек ауылдық № 4 кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақ халатты абзал жанға мың алғыс» атты кездесу кеші Еңбек дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлерімен өткізілді. Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі өте жоғары. Адам өмірін құтқарып, екінші өмір сыйлап жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегі жоғары, өлшеусіз. Дертімізге шипа, жанымызға қуат берген медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.