«Отан қорғаушыларға тағзым етемін» ақпарат сағаты
Дата: 04.05.2024 | |
Просмотры: 41 | Печать страницы |

Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 2024 жылы 4 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай №14 орта мектеп гимназиясының 10 сынып кадет сыныбымен «Отан қорғаушыларға тағзым етемін» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Ұсынылған кітаптардан оқырмандар қазақтардың әскери ісінің тарихы туралы көптеген қызықты мәліметтерді алды. Шараға 24 оқырман қатысты.