Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Парақ тайм-2024» кітап жәрмеңкесі

Дата: 03.05.2024
Просмотры: 80 Печать страницы
«Парақ тайм-2024» кітап жәрмеңкесі

Жетісу облысы, Талдықорған қаласында 2024 жылдың 7-8-9 ақпан күндері оқушылар сарайында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сінің ұйымдастыруымен бастау алған «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесі 1 мамыр күні «Жастар» саябағында жалғасуда. Жәрмеңкені ашқан кітапхана директоры Күлпан Сейтжанова қала тұрғындарының оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды.
Жәрмеңкеде «Асыл қазына», «Атамұра», «Онлайн-кітап» дүкендері «Мазмұндама» «Marfu press» баспалары жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын және көптеген балаларға арналған әдеби, танымдық, ғылыми бағыттағы 1000-ға жуық сан алуан кітаптарды тиімді бағада ұсынып, кітапсүйер қауым өздеріне ұнаған 470 дана кітаптарын арзан бағада сатып алды. Дәстүрге айналған кітап жәрмеңкесінде «Бақ-жұлдыз» медиа орталығының жас өнерпазы Жібек Хасен М.Мақатаевтың «Ғашықпын» өлеңін, № 28 IT мектебінің 9 сынып оқушысы Елубай Ғалия І.Жансүгіровтың «Арыным», «Саналы жастарға» өлеңдерін оқыса, №22 орта мектептің 7 сынып оқушысы Аян Оқасов Мағжан Жұмабаевтың «Жер жүзіне» «Қазақ тілі», «Алтын хакім Абайға» өлеңдерін оқып, кітапхана қызметкерлері балалардың қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауды қалыптастыру мақсатында «Қызықты ребустар», «Сұрақ-жауап», «Лото» интеллектуалды ойындарын ұйымдастырды. Сонымен қатар «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхана қорына кітапханамыздың тұрақты оқырманы Тұрғайын Жайдақбаев түрлі тақырыптағы туындыларын және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Әбдіраштың Жарасқаны» атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Ерғазы Манапұлының кітаптарын Ерназар Манап сыйға берді. Жиналған қауым кітап жәрмеңкесінің өте жақсы бір бастама болып жатқанын, келер ұрпақтың кемелденуіне, бәсекеге қабілетті, білімді қоғамның қалыптасуына зор ықпал ететінін айтып, алғыстарын білдірді. Кітапсүйер қауым өздеріне ұнаған кітаптарын арзан бағада сатып алды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ