«Мәңгілік ел алыптары» ерлік сағаты
Дата: 02.05.2024 | |
Просмотры: 45 | Печать страницы |

2024 жылдың 2 мамырында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында № 26 мектеп оқушыларымен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне және Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Мәңгілік ел алыптары» атты ерлік сағаты өткізілді.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Шараға 30 бала қатысты.