Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«КITAПшоу–2024» фестивалі

Дата: 23.04.2024
Просмотры: 50 Печать страницы
«КITAПшоу–2024» фестивалі

024 жылдың 23 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Республикалық «КITAПшоу–2024» фестивалі ұйымдастырылды. Еліміз бойынша бір мезетте ұйымдастырылған шараның мақсаты кітап оқу мәдениетін көтеру, әдеби кітаптарды насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып саналады.
Аталмыш шараны Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы ашып, арнайы құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік шараның маңыздылығына тоқталды. Кітап фестивалінде
қатысушыларға қызыққа толы бағдарламалар дайындалып, «Скраблл», «Лото» ойындары ойнатылды. Кітапханашылардың орындауымен қойылған қуыршақ театры «Үйшік», «Бауырсақ», «Сиқырлы қаймақ» қойылымдарын көрсетіп, кішкентай оқырмандар ертегілер әлеміне саяхаттап, көңілдерін көтерді. Түрлі-түсті әдемі қуыршақтар мен ертегі әлеміндегі кейіпкерлер өздерінің жанды би ырғақтарымен бүлдіршіндерге ерекше әсер етті. Сонымен қатар «Бір ел бір кітап» акциясы аясында Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» шығармасын талқылау және «Менің сүйікті кейіпкерім» атты сурет байқаулары ұйымдастырылып, 14 мектептің 2 а сынып оқушысы Нұрланқызы Ясмина «Кел досым кітапханаға» әнін орындаса, Түгелбай Айзере мың бұралған би билеп, жиналған қауымға жағымды көңіл күй сыйлады. Мерекелік кеште белсенді болған оқырмандар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Кітап фестиваліне жастар, кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары жалпы 50-ге жуық оқырман қатысып, тамашалады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ