Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Бабалар ерлігі мәңгі есімізде

Дата: 20.05.2020
Просмотры: 162 Печать страницы
Бабалар ерлігі мәңгі есімізде

Биыл, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына -75 жыл толуына орай, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы  24 сәуір  күні «Бабалар ерлігі мәңгі есімізде» деген тақырыпта  онлайн түрінде виртуалды кітап көрмесі өтті.  Бұл сол кездегі кеңес халқының өшпес ерлігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні-халқымыздың жанқиярлық ерлігі мен қаһармандықтың символы. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін көрсетті. Басқа халықтармен бірге иық тіресе біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам-Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Мақсаты: ғаламтор пайталанушыларға өз елінің батырларының ерліктерін есте сақтау, олардан үлгі алу, Отанды қорғау, елін, жерін, отансүйгіштіке тәрбиелеу сынды тарихи дәстүрлерді жалғастыруды насихаттау. Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрды: «Естен кетпес отты жылдар», «Ерлік елге мұра - ұрпаққа ұран», «Майдан мен тылдың мызғымас бірлігі» 20-ден астам кітаптар, фотоальбомдар, газет-журналдар мен суреттер қойылды. Атап айтқанда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер берілген Ә.Нұршайықовтың «Әскери күнделік», «Ақиқат пен аңыз» Б.Момышұлының «Москва  үшін шайқас», «Генерал Панфилов», Ұлы Отан соғысында қазақ тапқан жауынгерлер туралы және Талдықорған облысы бойынша майданға аттанып, содан қайтып оралмаған боздақтар жайында жазылған «Боздақтар»-ескерткіш кітабы қойылды. Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің, тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік ерлігі тарихта өшпестей із қалдырып, халқымыздың жадында мәңгілік сақталады. 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ