«Бір ел-бір кітап» акциясы
Дата: 20.05.2020 | |
Просмотры: 134 | Печать страницы |

#Бізбіргеміз
#Үйдеболайық
Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» республикалық акция 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясын орай Талдықорған қалалық 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында библиофрешті онлайн түрінде өтті.
Биыл «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Әнура Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы таңдалып алынды. Кітапханашы К.Табылдинова Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романында Шығыстың ғұлама ойшылы Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылықтарына және де Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туындысына тоқталды.
Акцияның басты мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру, жастарды патриоттыққа, адамгершілікке тарбиелеу, сондай-ақ, рухани мұрамызды сақтауға бағытталады.