Ана деген тіршіліктің тірегі
Дата: 06.03.2024 | |
Просмотры: 36 | Печать страницы |

2024 жылдың 6 наурызында №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты әдеби - сазды ертеңгілік кеші көпшілік оқырмандар арасында өткізілді. Мақсаты: Әже, ана ұғымының мән мағынасын ашу, аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, ардақтау, құрметтеу. Іс-шара барысында: кітапханашы А.Қадырова ана жайлы өлең жолдары арқылы, аналар мен әжелерді мерекемен құттықтады. Балалар дәрігері Ляззат Сансызбаева кеш қонақтарын мерекемен құттықтап жылы лебізін білдірсе, Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының оқушысы, кітапхананың тұрақты оқырманы Жанбота Қабден ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен Бақыттысың» атты өлеңін тарту етсе, Римма Ибраим №27 орта мектеп-гимназиясының оқушысы, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады.