"Ең сұлу адам, ол менің анам" атты өлең-жыр сағаты
Дата: 05.03.2024 | |
Просмотры: 35 | Печать страницы |

2024 жылдың 5-ші наурыз күні қалалық орталық кітапхананың оқу залында 8- ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ең сұлу адам, ол менің анам» атты өлең-жыр сағаты өтті. Мақсаты: Көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі жөнінде түсінік беру. Халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихымен таныстыру. Балаларды аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушыларға ана туралы ананың өмірде алатын ерекше орны туралы мағлұмат беру. Оқушы бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға, адамгершілік сезімін ұялатуға, әсемдікті сүюге баулу.