«Алғыс айту – ең асыл сөз» атты ақпарат сағаты
Дата: 01.03.2024 | |
Просмотры: 32 | Печать страницы |

1 наурыз Алғыс айту күніне орай қалалық орталық кітапханасында №12 мектептің 5 сынып оқушыларымен «Алғыс айту – ең асыл сөз» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.Балалар осы мерекенің тарихы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы көптеген жаңа және қызықты мағлұматтармен танысып, «Алғыс айту күні» атты бейне-ролик тамашалады. Балалар өздеріне ұсынылған шығармашылық тапсырмаға белсене араласып, жүрекшелердің ішіне жақсылыққа лайық адамдарға алғыс сөздерін жазды. Шара соңында жақсы көңіл күйде ұялы телефонмен ата-анасы мен жақындарына алғыс айтты. Шара көңілді де қызықты өтті.