"Балалар әдебиетінің классигі" атты дөңгелек үстел
Дата: 21.02.2024 | |
Просмотры: 32 | Печать страницы |

2024 жылдың 21 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында мектеп оқушыларымен жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің классигі» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.