"Парақ тайм-2024" кітап жәрмеңкесінің жабылу кеші
Дата: 09.02.2024 | |
Просмотры: 46 | Печать страницы |

Құрметті кітап сүйер қауым! «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің 7-8-9 ақпан күндері үш күнге созылған «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесі бүгін 9 ақпан күні өз мәресіне жетті. Жәрмеңкенің жабылу рәсіміне Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Қуат Қайранбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайрат Бестібаев және Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі ақын Жангелді Немеребай, Көксу ауданының құрметті азаматы, жазушы Ж.Балақаранова, ақын, журналист, жазушы, тарихшы, өлкетанушы, ғылым магистрі. Халықаралық экологиялық қауымдастықтың және халықаралық тарихшылар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Журналистер және Театр қайраткерлер одағының мүшесі Қажет Андас көпшілік қауымға ақ тілектерін жолдап, кітапхана қорына кітаптарын сыйға тартты. Жабылу рәсімінде қала жұртшылығы Бақ - Жұлдыз медиа орталығының жас актрисасы, аула сақшылары кино жобасының басты кейіпкері, Халықаралық конкурстардың бас жүлдегері Гүлсина Сабажанқызының орындауында Оспанхан Әубәкіровтың «Жеңешемнің кірпігі ай»! монологын, «Бақ жұлдыз» продюсерлік жобасының мүшесі Таңатар Кәусардың "Елім менің" әнін және Джумажан Кәусардың Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба», Айдана Төлегеннің Мұқағали Мақатаевтың «Отан», Кәусәр Дүйсенбайдың «Үш бақытым», Медина Нуржанқызының «Ана сен бақыттысың» атты өлең жолдарын тамашалады. Кітапхана директоры Күлпан Калкенқызы жәрмеңкеге балалар, жасөспірімдер, ақын-жазушылар, студенттер, мектеп кітапханашылары, қала тұрғындары қызығушылық танытқанын айтып өтіп, жәрмеңкеге қатысып, қолдау білдіріп, жағдай жасаған Оқушылар сарайының директоры Ляззат Есболоваға, «Атамұра», «Асыл қазына» сауда дүкендеріне, ақын-жазушыларға, өнерлерімен жәрмеңкенің сәнін келтірген балалар мен жастарға, барлық оқырмандарға шексіз алғысын білдіріп, шараны қорытындылады.
@marlen_kolbaev
@kuanyshsultanuly
@zhetisu.madeniet
@taldykorgan_madeniet_bolimi
#gulmira.kalkabaeva