"Парақ тайм-2024" кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты
Дата: 07.02.2024 | |
Просмотры: 51 | Печать страницы |

2024 жылғы 7 ақпан күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Шара Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі сырнайшыларының «Ауылдағы той» атты әнімен ашылды. Жәрмеңке рәсіміне Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Ә.Алинов қатысып, қала тұрғындарының оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды. Қонаевтанушы, филолог, профессор, Қонаев музейінің меңгерушісі Х.Есдәулетова және «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, ақын Мұхтар Күмісбек, ақын Азамат Нұрмұқан, Еркін ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Ізбасаров жәрмеңке қонақтары мен кітап жанашырларына жылы лебіздерін білдіріп, кітапхана қорына кітаптарын сыйға тартты. Кітап жәрмеңкесіне «Атамұра», «Асыл қазына» кітап дүкендері мен жергілікті ақын-жазушылар өз кітаптарын қолжетімді бағада ұсынды.
Сонымен қатар жиналған қауым «Бақ – Жұлдыз» медиа орталығының жас өнерпазы, Халықаралық конкурстардың жүлдегері А.Ныққалидың орындауындағы «Адай» күйін, «Балапан қаз» әнін, Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлерінің өнерін тамашалады.
7-8-9 ақпан күндері сағат 10:00 – 15:00 аралығында ұйымдастырылған жәрмеңкеде көпшілік назарына «Бақ жұлдыз» медиа орталығы өнерпаздарының өнері, ойындар ойнатылып, жетісулық ақын-жазушылардың шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалады.