"Парақ тайм-2024" кітап жәрмеңкесі
Дата: 08.02.2024 | |
Просмотры: 40 | Печать страницы |

Құрметті кітап сүйер қауым! «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің Оқушылар сарайында 7,8,9 ақпан күндері өтетін «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесінің 2 күні жалғасуда. Шара барысында жиналған қауымға «Туған жерін ту еткен» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Балалар мен жасөспірімдерге «Кім тапқыр», «Сен білесің бе?» атты викториналық ойындар ойнатылды. «Асыл қазына», «Атамұра» сияқты қала дүкендері және жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары қала жұртшылығына қол жетімді бағада ұсынылды.
Жәрмеңке 9 ақпан күні өз жалғасын табады.
@marlen_kolbaev
@kuanyshsultanuly
@zhetisu.madeniet
@taldykorgan_madeniet_bolimi
#gulmira.kalkabaeva