Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

И.Сапарбай. "Әлем, әйел және мен" атты кітабы

Дата: 07.02.2024
Просмотры: 38 Печать страницы
И.Сапарбай.

Сапарбай, И. Әлем, әйел және мен / И. Сапарбай; сурет. Қ. Әділғазин. – Алматы: Ан Арыс, 2022. – 384 б.

 

фото к новости

Соңғы жылдары әдебиеттің бірнеше жанрында (поэзия, драма, ән мәтіндері, аударма, публицистика) өндіре қалам тартып жүрген автордың біз ауызға алып отырған жаңа жыр жинағы жайдан-жай «Әлем, Әйел және Мен» аталмапты: көлемі де, өлеңі де таразы басын тең ұстап тұр. Ең бастысы, мұнда өрелі өлең де, толымды толғау да, кең кұлашты поэма да бар. Аралыктағы топтамалар да өз орын, қисынымен тұтас жинактың әрін кіргізіп, әрі қарай назарынды аудара түседі. Аракідік күнделікті баспасөз беттерінде жарияланған бірер топтамалары болмаса, бәрі жаңа, соңғы жылдары жазылған тың дүниелер. Ақынның басты кредосы — өзі таңдап, өзі қалыптастырған таза да тағдырды табиғатынан айнымау. Әрине, ол — баршамызға етене таныс жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін нәзік те көркем лирикалық назым, нақыштар. Оған эмоциялық көңіл-күймен қоса ішкі серпін, өршіл мінезді қосыңыз… Қысқасы, жаңа да жақсы жинақ өмірге келгелі тұр. Ақынның ізгі өрісі мен күзгі жемісінен дәм татуға жазсын бәрімізді!..

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ