«Мұқағали мәңгілік ғұмыр» поэзия кеші
Дата: 06.02.2024 | |
Просмотры: 32 | Печать страницы |

6 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен 9 ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кешін өткізді. Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне,жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетіліп, оқушылар «Ей өмір», «Ғашықпын», «Үш бақытым», «Дос болам десең» өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар Әжелер ансамбілінің әншісі Шара Бөркеқызы М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап шараның көркін келтірді. Шараға 18 оқырман қатысты.