Знаменательные даты

< Май / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Балалардың кітап әлемі»

Дата: 17.01.2024
Просмотры: 39 Печать страницы
«Балалардың кітап әлемі»

      Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 17 қаңтарында «Балалардың кітап әлемі» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Кітапхана  өмірімен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген ынталарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету,  оқушылардың түрлі кітаптарды оқуларына ұйытқы болу.

   Кітап көрмесі төрт бөлімнен жасақталды. «Балаларға базарлық» бөліміне балалар ақын-жазушыларының шығармалары, «Жануарлар туралы ертегілері» бөліміне жануарлар туралы ертегі кітаптары,  «Әлем халықтарының ертегілері» бөліміне балаларға арналған әлем жазушыларының ертегі кітаптары, «Қиял ғажайып ертегілері» бөліміне сөйлейтін кітаптар  қойылды.

      Кітап көрмесі барысында ертегші-жазушы Ханс Кристиан Андерсеннің өмірі мен шығармалары таныстырылып, кітаптың шығу тарихы, кітап оқудың маңызы туралы айтылды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ