"Балаларға базарлық"
Дата: 17.01.2024 | |
Просмотры: 38 | Печать страницы |
2024 жылдың 17 қаңтар күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушылырына қызмет көрсету бөлімінде №2 мектептің 1 «ә» сынып оқушыларымен «Балаларға базарлық» атты библиосабақ ұйымдастырылып өтті. Кітапханашы Л.С.Дайрабаева оқушыларға кітап өмірдің сарқылмас бұлағы, адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі екендігін түсіндіріп, кітапханаға түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Мақсаты: Кітаптың адам баласына тигізетін пайдасын, құндылығын, кітаптан алған білім арқылы адамды тануға болатынын ұғындыру және оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру, ұлағаттылардың кітап туралы дана ойларымен, нақыл сөздерімен, кітап тарихымен таныстыру.