"Ұлы дала елі, Тәуелсіз Қазақстан"
Дата: 11.01.2024 | |
Просмотры: 29 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 11 қаңтарында «Ұлы дала елі, Тәуелсіз Қазақстан» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқырмандарға мерейтой иелеріне арналған және аталып өтетін күндерге арналған кітаптар қойылып, кітапханаға келген оқырмандарға библиографиялық шолу өткізілді. Бұл көрмелер жыл бойы тұратын болғандықтан жылдың аяғына дейін келген оқырмандарға мәліметтер беріліп тұрады.