Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

" Сақташы, өміріңді, жарқыным "

Дата: 23.11.2023
Просмотры: 56 Печать страницы

        2023 жылдың  23 қарарша күні  қалалық орталық балалар кітапханасында  төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Сақташы, өміріңді, жарқыным» атты сұрақ жауап кітап көрме инсталляциясы ұйымастырылды.  Кітапханашы Л.Дайрабаева  оқушыларға   жолда дұрыс жүре білу – адам денсаулығының, өмірінің, қауіпсіздігінің кепілі екенін түсіндіріп, оқушыларға кітап көрмесінде тұрған кітапшалардан әңгіме мен өлеңдерді оқып, көрмедегі тапсырманы  орындауға болатынын  айтып өтті. Бұл ойын балаларға қатты ұнап, өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарға кітаптардың ішінен жауаптарын тапты. Инсталляцияға кітаптар, жол жүру ережесі, жол белгілері, бағдаршам туралы түрлі суреттер, нақыл сөздер,сұрақтармен  көрнектелді.Шара соңында оқушылар көше мен жол тәртібін жақсы біліп,  ережені бұлжытпай орындауға уәде берді.

 

    Мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету. Бағдаршаммен және оның қызметі, жол белгілері жайында танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларды мейрімділікке, бауырмалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ