«Шығамын тірі болсам адам болып»
Дата: 17.10.2023 | |
Просмотры: 30 | Печать страницы |

2023 жылдың 17 қазанында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақын, ағартушы Сұлтанмахмут Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Шығамын тірі болсам адам болып» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмут Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оны бүгінгі жас ұрпақ үлгі тұтып, болашақта ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.