"Егемен елім менің"
Дата: 20.10.2023 | |
Просмотры: 31 | Печать страницы |

2023 жылдың 20 қазанында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 25 қазан - Республика күніне арналған "Егемен елім менің" атты интеллектуалды ойын өткізілді. Кітапханашы С.Ынтымақ шараның басында оқушыларға Республика күні жайлы, мерекенің тарихы мен маңызы туралы мәлімет беріп, одан кейін оқушыларды 2 топқа бөліп, оларға 5 кезеңнен тұратын қызықты ойын ойнатты. Ойын соңында оқушыларға алғыс хаттар табысталып, сынып жетекшісі Қ.Сәрсенова кітапханашыларға өз алғысын айтып, мерекемен құттықтады. Мақсаты: оқушылардың бойында патриоттық рухты ояту, оларды Отансүйгіштікке баулу, интеллектуалды ойын арқылы алғырлыққа үйрету, топтық жұмыс арқылы достыққа, ұйысшылдыққа тәрбиелеу.