«Жас ұрпақты патриоттық рухында тәрбиелеу – кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі» атты қалалық семинар
Дата: 03.11.2023 | |
Просмотры: 45 | Печать страницы |

2023 жылдың 3 қарашасында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жас ұрпақты патриоттық рухында тәрбиелеу – кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: жастарға көркем шығармаларды ұсынумен қатар, инновациялық идеяларды, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып жас ұрпақты бірлікке, Отанын, елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу. Шараға қалалық, ауылдық кітапханалардың меңгерушілері мен кітапханашылары қатысты. Семинар бағдарламасына сәйкес, іс-шара дөңгелек үстел форматында тәжірибе алмасу түрінде өтті. Семинарды «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің директоры К.Сейтжанова ашса, аталған мекеменің әдіскері С.Төлегенова «Жас ұрпақты патриоттық рухында тәрбиелеу – кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі» тақырыбында баяндама жасады. Шара барысында «Патриоттық тәрбие берудің басты бағыттары», «Кітапханадағы патриоттық тәрбие – тәрбиенің негізі» тақырыптары талқыланды. Қатысушылар семинардан көптеген ақпарат жинап, серпін алып тарқасты.