Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"25 қазан - Республика күні" мерекесіне орай марапаттау рәсімі

Дата: 30.10.2023
Просмотры: 41 Печать страницы

2023 жылдың 30 қазанында Талдықорған қаласының Бикен Римова атындағы театрда  «25 қазан - Республика күні» мерекесіне орай мәдениет және өнер саласындағы  қызметкерлерді  марапаттау рәсімі өткізілді.   

Мерекеге орай Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли мәдениет және өнер саласында қызметкерлерді  құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Аталмыш шарада  біршама қызметкерлер марапатқа ие болды. Соның ішінде «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің қызметкерлері де қалыс қалмады.    Айта кетсек: ҚР Мәдениет және ақпарат  министрлігінің «Құрмет грамотасын» қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Т.Ряжских алса,  ҚР Мәдениет және ақпарат  министрлігінің «Алғыс хатымен» В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы Л.Бейсембаева марапатталды.

Сондай-ақ   қалалық орталық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Ынтымақ Сұңқар  кітапханадағы жаңашылдықтар мен заманауи өзгерістер енгізуге  қосқан үлесі үшін «Үздік жас кітапханашы» номинациясымен марапатталды.  Құрметті әріптестер! Марапаттарыңыз құтты болсын!  Еңбектеріңіз табысты, жемісті болсын!

@zhetisu.obl.kitaphana  @zhetisu.madeniet @gulmira.kalkabaeva

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ