Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"24 қазан - кітапханашылар күні" мерекесіне орай салтанатты жиын.

Дата: 20.10.2023
Просмотры: 59 Печать страницы

2023 жылдың 20 қазан күні «24 қазан - кітапханашылар күніне» орай В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында кітапхана ұжымымен салтанатты жиын өтті. Жиынға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы С.Ахмадиева, Талдықорған қаласының мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ә.Алинов, Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры С. Шаяхметова қатысып, кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Мерекеге орай бірнеше кітапхана қызметкерлеріне марапаттар табысталды. Айта кетсек: Талдықорған қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен» қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Л.Бейсембаева, бөлім меңгерушісі А.Егізтаева, Талдықорған қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» №2 кітапхана филиалының меңгерушісі М.Сапбек, қалалық орталық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Ынтымақ Сұңқар, Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалының кітапханашысы Ж.Тынышбаева, «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» басшысы Э.Мұқышеваның «Алғыс хатымен» Еңбек ауылдық №3 кітапханың меңгерушісі А.Нұрсағатова, Еркін ауылдық №3 кітапхана филиалының меңгерушісі Ж.Жакибаева, Еркін ауылдық №3 кітапхана филиалының кітапханашысы Л.Нұрқасымова, қалалық орталық кітапхананың бөлім меңгерушісі С.Килибаева, №3 бөлімшедегі кітапхана филиалының кітапханашысы Жұмаділқызы Күміс, Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының кітапханашысы Г.Сейлханова, № 8 кітапхана филиалының кітапханашысы А.Қадырова марапатталды. Сонымен қатар қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі С.Килибаева Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры С.Шаяхметовадан «Алғыс хат» алса, №3 бөлімшедегі кітапхана филиалының кітапханашысы «Ең үздік мақала» облыстық байқауында «Кітапхана әлемі» номинациясы бойынша 3 дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Шара соңында Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Сейтжанова сөз алып, шараны қорытындылап, өз тарапынан бірнеше кітапханашыны марапаттады. Олар: қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы А.Адамова, Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының кітапханашысы А.Құндақбаева. Жиын соңы Талдықорған әуендерінің әншілерінің әсем әндерімен аяқталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ