"24 қазан кітапханашылар күніне" орай салтанатты кеш.
Дата: 20.10.2023 | |
Просмотры: 55 | Печать страницы |

2023 жылдың 19 қазанында Талдықорған қаласының Тіл сарайында «24- қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай салтанатты кеш өткізілді.
Салтанатты кеште Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы кітапханашыларды құттықтап, кітапханашылардың еңбегіне табыс тіледі. Кәсіби мерекеге орай кітапханашылар әртүрлі номинациялар бойынша сертификаттар, Жетісу облысы әкімінің дипломымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Осы орайда «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің қызметкерлері де қалыс қалмады. Айта кетсек: Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының меңгерушісі С.Қажаева, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы С.Иманқұловадан Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының кітапханашысы Г.Сейлханова, Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының меңгерушісі А.Нұрсағатова марапатталды. Сондай-ақ қалалық №2 кітапхана филиалының кітапханашысы Н.Альбиланова Жетісу облысы әкімінің «Алғыс хатын» алса, қалалық орталық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Ынтымақ Сұңқар кітапханадағы жаңашылдықтар мен заманауи өзгерістер енгізуге қосқан үлесі үшін «Үздік жас кітапханашы» номинациясымен марапатталды. Құрметті әріптестер! Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз табысты, жемісті болсын!