2023 жылдың 18 қазан күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімде коворкинг орталығында «Алақай, күз келді!» атты көрме инсталляция ұйымдастырылды. Инсталляцияға шолу жасау барысында кітапханашы Л.Дайрабаева оқырмандарға табиғи материалдардан жасалған көрме жұмыстарын ұсынып, күзгі жапырақтардан әртүрлі қолөнер жасауға болатынын айттып өтті. Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру, алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюуге тәрбиелеу.