"Колобок" қойылымы
Дата: 26.07.2023 | |
Просмотры: 24 | Печать страницы |

2023 жылдың шілде айының 26 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №6 жазғы мектеп-лагерінің оқушыларына экскурция ұйымдастырылып, кітапханашы Л. Дайрабаева балаларды кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Сонымен қатар "Ертегіші" клубы балалардың назарына "Колобок" қойылымын ұсынды. Мақсаты: оқушыларды кітапханаға тарту, оларға кітап оқуды дәріптеу, ертегілер арқылы балалардың бойында жақсы қасиеттерді ояту.