«Алты алашқа сері атанған Ақан сері»
Дата: 16.08.2023 | |
Просмотры: 29 | Печать страницы |

Биыл қазақ өнеріне өшпес із қалдырған Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толады. Осыған орай 2023 жылдың тамыз айының 16-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Алты алашқа сері атанған Ақан сері» атты тұлғатану сағаты өтті. Мақсаты: Ақан Қорамсаұлының өмірбаянымен, оның шығармаларымен оқырмандарды таныстыру, балалардың танымдық деңгейін көтеру, халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу, отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу.