«Білім– рухани құндылық»
Дата: 01.09.2023 | |
Просмотры: 21 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 2023 жылдың қыркүйектің 1-ші жұлдызында №2 мектептің 1 «б» сынып оқушыларымен «Білім– рухани құндылық» атты саяхат сабағы ұйымдастырылды. Кітапханашы Л.С.Дайрабаева балаларды кітапханамен, кітаптың түрлерімен таныстырып, кітаптың ерекше қасиеттерін, маңыздылығын айтты. Бүлдіршіндер кітапханадағы түрлі кітаптарға, әсіресе 3D форматты кітаптарға қызығушылық танытып, экскурсиядан кейін кітапханаға оқырман ретінде жазылып, кітаптар алды. Мақсаты: Білім күні - үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, білімге деген құштарлықтарын ояту, еліміздің білімді, елжанды азаматтары болуға тәрбиелеу, мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеп, кітапханамен таныстыру, кітаптің адам өмірінен алатын орынын, маңызын түсіндіру, кітапханаға шақыру.