«Жыл кітабын бірге оқиық»
Дата: 28.09.2023 | |
Просмотры: 44 | Печать страницы |

2022 жылдың 28 қыркүйегінде қалалық орталық балалар кітапханасы жоғарғы сынып оқушыларына кызмет көрсету бөлімінде «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабын бірге оқиық» атты акция ұйымдастырылды. Мақсаты: жыл кітабы ретінде таңдалған Төлен Әбдіковтың шығармашылығы, кітаптары туралы мағлұмат беру, жазушының өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және оқырмандардың танымдық деңгейін дамыту.