«Орындалған арман»
Дата: 27.09.2023 | |
Просмотры: 37 | Печать страницы |

2023 жылдың қыркүйек айының 27 қыркүйегінде қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай «Орындалған арман» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты: Қазақтың біртуар ұлы Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге дағыландыру.