«Оқы және өзгеге ұсын»
Дата: 01.09.2023 | |
Просмотры: 69 | Печать страницы |

2023 жылдың 1 қыркүйек күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының орталық саябағында «Оқы және өзгеге ұсын» деген тақырыпта буккроссинг өткізілді. Мақсаты: кітаптарға «Екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында кітап алмастыру, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, балалардың өздері оқыған шығарманы өзгелермен бөлісе отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. кітапханаға оқырмандарды тарту.