
2023 жылдың тамыз айының 10-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқу залының оқырмандарымен "Әлемнің әміршісі- кітап" атты библиофреш өткізілді. Кітапханашы Л.Дайрабаева оқушыларды кітаптың түрлері, құрылымы, ерекшеліктері және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты түсінік беріп, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Мақсаты: оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, олардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, білімге құштарлығын ояту, кітапты таза ұстауға, тазалыққа, мейірімділікке баулу.