
2023 жылдың 2 тамызы күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрету бөлімінің оқу залында қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың қарасөздеріне 125 жыл толуына орай және «10 тамыз- Абай күніне» арналған «Абай Құнанбайұлы қарасөздеріне 125 жыл» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.