
2023 жылдың 7 қыркүйегінде қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына орай ұйымдастырылған "Жолдауға қолдау" атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Мақсаты: Мақсаты: оқырмандардың саяси сауатты болуына ат салысу, оларды өз елінің патриоты болып өсуге тәрбиелеу. Көрмеге мерзімді басылымдар бетінде жарық көрген жолдау және ол туралы жазылған пікірлер, сонымен қатар бірқатар саяси әдебиеттер қойылды. Кітапханашы С.Тукенова оқырмандарға жолдаудың бағыттарын тереңнен түсіндірді.