"Кітап тайм - 2023" жалпы республикалық кітап фестиваль
Дата: 15.09.2023 | |
Просмотры: 104 | Печать страницы |

2023 жылдың 15 қыркүйек күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Кітап тайм-2023» жалпы республикалық кітап фестивалі өткізілді. Шараға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері төс белгісінің және Талдықорған қаласының «Құрметті» азаматы Кендебай Темірбайұлы, кино және театр актрисасы, Қазақ КСР Халық артисі, Алматы облысының Құрметті азаматы, Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының жоғарғы санаттағы артисі, "Құрмет" орденінің иегері Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Сайлау Қожағұлов, жас ақын Азамат Нұрмұқан, Талдықорған қаласының №16 орта мектептің 8 сынып оқушылары, Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық “Жас актер” ұжымы және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кітап фестивалінде қатысушыларға қызыққа толы бағдарламалар: «Дарындар туған даңқты өлке» ақын-жазушылармен кездесу, «Менің сүйікті кейіпкерім» сурет байқауы, «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойыны, «Кино қиылысында» кинодан үзіндіні табу, «СКРАББЛ» - әріптен сөз құрау, М.Мақатаев атындағы «Жас актер» театрлық қойылым, «Музыка бәйтерегі- Мұқан Төлебаев" шығармаларын орындау, «Әдеби жанрдағы өлең оқу», «Сиқырлы ертегі әлемі» қуыршақтар театры қойылымы дайындалды. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталып, жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, қонақтармен естелік суретке түсті. Аталмыш шара кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында өткізілді.