"Ұлы халықтың - ұлы Абайы" атты кітап көрмесі
Дата: 10.08.2023 | |
Просмотры: 85 | Печать страницы |

2023 жылдың 10 тамызда В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында 10 тамыз Абай күніне орай кітапхана оқырмандарымен «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: Қазақтың данышпан ақыны, шоқтығы биік тұлғасы, Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау. Өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын оқырмандарға жеткізу. Көрмеге: « Абайдың қара сөздері», «Хикмет кітабы», «Адам деген даңқым бар», «Өлең - сөздің патшасы», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...», Ж.Ысмағұлов «Даналық дәрістері», Н.Анастасьев «Абай» атты кітаптары қойылды.