Қазағымның қазынасы – домбыра!
Дата: 29.06.2023 | |
Просмотры: 58 | Печать страницы |

2023 жылы маусым айының 29 – шы жұлдызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның қазынасы – домбыра!» өнер сағаты көпшілік оқырман арасында өтті. Шара өту барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Ғалымжанқызы Үміт және Нұрбек Аружан күй шертіп, халық әнін орындап өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты: Қазақ халқының негізгі музыкалық аспабы – домбыра туралы түсінік беру, оның шығуы, құрылысы жөніндегі аңыздарға тоқталу, осы материалдарды бере отырып, балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, музыканы түсінуге бауылып, ұлттық өнерді қастерлеуге және өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.